Сән ( франц. Moda, лат. Modus – өлшем, әрекет тәсілі)- киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі. Сән – әлеуметтік, экономикалық құбылыс. Адам қоғамының дамуына, жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады. Қазіргі сәнді демократияшыл деуге де болады, себебі қазіргі таңдау идеясы мен еркіндіктің көптігімен, яғни әртүрлі стильдерімен, пішіндерімен, үлгілерімен, көлемдерімен, киім ұзындығымен, алуан түсті гаммалығымен ерекшеленеді. Қазіргі сәнде екі бағыт айрықша көзге түседі: ол – ретроспективалы (өткенге бағытталған) және перспективалы (болашаққа бағытталған).
1. Костюм – өнер туындысы. Ол адамзат мәдениетінің даму кезеңдерін көрсетеді. Сонымен, адам қоғамда этикетке, ал костюм өз кезегінде дәуірдің стиліне бағынышты. ХVIII ғасырда жаңа рококо (фрнац. раковина таңғажайып түрлі әшекей) стилі пайда болады. Рококо – сәнді, нәзік, кейбір сезімталдық, нақыштық, майысқақтық белгіні алып жүретін сәндік стиль. Бароко стиліндегі киімдермен салыстырғанда, рококо стилінің киімдері көп өзгеріске ұшырамады, тек сызықтары бұрынғысынан да көріктірек, мәндірек болды. Ал қазіргі заманғы костюмдерді шартты түрде қарапайым геометриялық мүсіндерге жатқызуға болады.
Түзу силуэт өзінің ерекшілігі бойынша тіктөртбұрышқа немесе шаршыға жақындау. Трапеция силуэті үстіңгі жағы тар, төменгі жағы кең трапецияны елестетеді.
Үшбұрыш силуэті төменгі жағы үшкірлеу келеді де, үстіңгі жағы кеңейіп кеоген үшбұрышқа жақын. Сопақ және Жартышар силуэттері геометриялық сопақ мүсінді елестетеді. Бұл силуэттерді екі геометриялық фигуралардың қосындысы деуге де болады: жартылай сопақ және төменгі бөлігі төртбұрыш. Бұйымның ұзындығы мен енінің арақатынасы, бұйымның жалпы көлеміне қарай әрбір бөлшектің өлшемі келесі бөлшектің өлшеміне байланысты алынады. Мысалы: үсті қысқа, төменгі жағы ұзын; үстіңгі жағы ұзын, төменгі жағы қысқа; үсті мен төменгі жағы бірдей.
Костюмді композициялауда түс үлкен рөл атқарады. Түсті дұрыс қолдану киім моделін жасауда көп көмегін тигізеді. Қазіргі заман жеткіншектерінің киім үлгілері, көңіл – спорттық, фольклорлық еркін стильде болуымен сипатталады.
2. Силуэт (siluett деген француз сөзі) – ұзындығы мен ені бойынша адам мүсінінің пропорциясына жақындау келетін геометриялық фигуралардың (тікбұрыш, трапеция, үшбұрыш, сопақ, т. б.) бірін беретін киімнің кез келген бөлігінің сыртқы кескіні. Силуеттің мынадай түрлері болады: тік силуэт, белдес стлуэт, сопақ силуэт, X – силуэт, трапеция силуэт, жартылай жантайған силуэт.
3. Пішім – бұйымның ойластырылған үлгісін жасауға мүмкіндік беретін пішім сызықтары (бел сызығымен кесілген көйлек, реглан үлгісіндегі жеңдер, драпталған көкрекше, тұтас пішілген жең және т.б.).
4. Пропорция – көйлектің ұзындығы мен енінің, жакеттің ұзындығы мен белдемше ұзындығының, бұйымның тұтас көлеміне қарай әр бөлшек мөлшерінің арақатынасы.
Сәнде маңызды ұғымдардың бірі– стиль. Стиль – (styios деген грек сөзі) – мәнер, сипат, ерекшелік деген мағына береді. Сонымен қатар стиль сол дәуірдің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым - қатынасын көрсететін тұрақты, анық, ерекшеленген дәуір тілі. Киімде бірнеше: классикалық, спорттық, романтикалық және фольклорлық стильдер болады. Классикалық стиль – келісті, іскерлі, элеганттты (өзгермейтін стиль) салыстырмалы түрде тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтін киім түрлері кіреді. Оның негізгі белгілері – форманың тұрақтылығы, адамды іскер, ұстамды етіп көрсету, мінсіздігі, қолайлылығы, беріктігі. Ерлердің классикалық киімдеріне – костюм шалбар немесе тек шалбардың өзі, жакет - костюм, ағылшын пальтосы, плащ, ал әйелдердің классикалық киіміне – жеңді көйлек жакетімен, белдемше, блузка немесе жакет, шалбар мен жакет - жейде кіреді. Қазіргі кезде классикалық киімдер аясы ерлер үшін де, әйелдер үшін де трикотаж күртешелердің ештеңеге міндеттемейтін еркін түрлерінің енуіне байланысты біршама кеңеюде. Әйелдер киімінің құрамына ерлер пиджагі, жейдесі, шалбары түпкілікті енді. Классикалық стиль: • Қимылға кедергі келтірмейді, ыңғайлы; • Нәзік реңкті немесе ұсақ суретті жоғары сапалы мата; • Түстері қатты ашық емес және нәзік; • Аксесуарлары мен әшекейлері ұстамды; • Орташа өкшелі немесе өкшесіз жайпақ аяқ - киімдер. Спорттық стиль – демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер. Жалпы спорттық стильдегі киімдерде адам өзін еркін және ыңғайлы сезінеді. Романтикалық стиль – әдемілік, ерекшелік, сүйкімділік немесе нәзіктікті әдеттегіден тыс бөліп көрсетеді. Романтикалық стильдің ерекшелігі – қатпарлар, желбіреушелер, шілтерлер, банттар жиынтығынан тұрады. Фольклорлық стиль (этникалық стиль) – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлтық ою - өрнектер, кестелер, қол жұмысының көптеген элементтері кеңінен пайдаланылады.
Қазірде заманауи fashion сөздері көбейіп кетті.
Ағылшын тілінен аударғанда showroom көрсетілім өтетін жерді білдіреді (show – көрсету, room – бөлме). Аты айтып тұрғандай, showroom түріндегі дүкенде киім, косметика, аяқ-киім топтамаларының көрсетілімдері өтеді. Арнайы шақырылған модельдер киген киім үлгілерін қарап, өзіңізге ұнайтынын таңдай аласыз. Showroom үлкен жоғары сән үйлерінде, танымал дизайнерлердің брендті дүкендерінде болады.
Бутик (французша boutique – кішігірім дүкен) – бір түрлі стильдегі киімді жинастыратын дүкен. Мұндай түрлі дүкеннің сатып алушылары да белгілі бір топты құрайды. Мысалға премиум-класс киімі, әшекей бұйымдар, жастарға арналған киім бутиктері. Әдетте бутиктегі әр киімнің бір данасы ғана болады.
Монобрендті дүкендер тек белгілі бір брендтің киімін ғана сатады, өзінің айрықша бағыты мен белгілері болады. Мысалға бір маркалы киім, аяқ-киім, не бір стильдегі не бағыттағы киімдер.
Сток (stock) немесе аутлет (оutlet) – өткен маусым топтамаларының киімдері сатылатын ассортименті бай үлкен дүкен. Бұл киімдер басқа дүкендерден жиналып, бір орында сатылады. Айта кетсек, бұндай дүкендерде киімді үлкен жеңілдікпен ала аласыз.
Second hand – біреумен сатылып алынған бірақ әлі де киюге жарайтын киімдердің сатылым орны. Бұндай жерде бір рет те киілмеген жаңа, кезінде қымбат болған киім түрлерімен қатар өңі кеткен масс-маркет киімін де табуға болады. Киімдерді салмағын өлшеп сатады, сондықтан олар бастапқы бағаларынан әлдеқайда арзан болады.
H&M (Hennes & Mauritz) – швед компаниясы [1]. Еуропадағы ең ірі киім саудасы желісі. Штаб-пәтері Стокгольмде орналасқан. Компания қызметі сәнді әрі сапалы киімдерді қолжетімді бағамен ұсынуға бағытталған.
1947 жылы Эрлинг Перссон Швецияның Вестерос қаласында «Hennes» (швед. «ол үшін») әйелдер киім дүкенін ашты. Кейіннен 1968 жылы Эрлинг аңшылар мен балықшыларға арнаған «Mauritz Widforss» дүкенін иеленеді. Уақыт өте келе ол ерлер мен балаларға арналған киімдер шығарумен айналыса бастады. Осылайша компания атауы «Hennes & Mauritz» болып өзгереді. Бүгінде «H&M Group» ұсынған киім-кешек пен косметикалық өнімдер шамамен әлемнің 37 елінде орналасқан 2000-ға жуық дүкенде сатылымға шыққан.
Details
Адидас — жоғарғы имиджді брэнд. Адольф Дасслер атақты брэндтың түп нұсқасында тұрған адам. Ол Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германияда жастайынан өз отбасына көмектесіп яғни жарамсыз лақтырылған солдат сумкаларынан үй аяқ-киімін тіге бастады. Бірақ, оның басты ермегі спорт болатын, әсіресе футбол. Кейін 1920 жылдары ол спорттық аяқ-киім шығару жұмыстарына кіріседі. Ыңғайлылық пен тұрақтылықты ұстану үшін ол алдымен көптеген доктор және жаттықтырушылармен пікір алмасады.
Сатып алушылар санын ұлғайту үшін, менеджерлер тұтынушылық рейтингті жоғарлату үшін Ран Ди Эм Си, Мисси Элиот и Дэвид Бекхэм сияқты жұлдыздарды өздерінің макетингтік іс-шараларына тартуда. Кәсіби футбол үшін арналған аяқ киімдердегі шеге тәрізді штифтер, жүгіруге арналған кроссовкалардағы шипылар; нейлоннан жасалған аяқ киім табандары – үш иновацияны — Adidas үшін үш инновацияның қалыптасып, әйгілі брэнд негіздеуіне себеп болды. Өнімнің техникалық сипаттамасын жетілдіру. Десслер өзі жеңіл атлетикамен айналысқандықтан, ол аяқ киімдердің кімге бағытталғандығына қарамастан, оның техникалық сипаттамаларын күшейтуге тырысты. Ол осы сипаттамаларды жетілдіру жолында жаңа тәсілдерді іздеп, Adidas өнімінің ерекше, әрі құндылығын арттырды.
Кристиан Диор 1905 жылы 21 қаңтарда Францияның солтүстік-батысындағы Ла-Манш жағалауының бұрынғы балық порты, Гранвильдегі шағын Норманд қалашығында дүниеге келеді. 1911 жылы кішкентай Кристианның отбасы Парижге көшіп кетеді. Оның ата-анасы ауқатты адамдар болғандықтан, бес баланың екіншісі болғанына қарамастан ешнәрсеге мұқтаж болмаған. Оның әкесі химиялық тыңайтқыш саудасымен жағдайын жасаған, ал анасы ақшаны игілігіне жаратып отырады. Кристиан бастапқы білімін үйінде алады және ата-анасының талабымен дипломатиялық мансабына дайындалады. Ол Еркін саяси ғылым мектебіне түседі, алайда оның саяси қызметі осымен аяқталады. Болашақ кутюрье халықаралық қатынастар мен география сабағының орнына уақытын музейде өткізіп, музыкалық композиция және сурет өнерінде оқиды.